Меню KDT

«Біздің үй» бағдарламасына қатысқан ақын студентіміз

Ақпан айының 2-ші жұлдызында Астана қаласының  «ҚазМедиа» орталығындағы «Біздің үй»  бағдарламасында «Әртүрлі сала мамандары арасындағы поэзияны сүйетін жандар» тақырыбында кеш  өткізілді.


Ақпан айының 2-ші жұлдызында Астана қаласының  «ҚазМедиа» орталығындағы «Біздің үй»  бағдарламасында «Әртүрлі сала мамандары арасындағы поэзияны сүйетін жандар» тақырыбында кеш  өткізілді. Осы  кешке біздің колледжіміздің «Туризм» мамандығының 2-ші курс студенті Табысбек Ермұрат қатысты.
Поэзияны жаны сүйетін, жас ақын студентіміз Ермұрат өз өлеңдерін  оқып, ортаға салды.  «Біздің үйдің» қонағы болған танымал әнші, сазгер-ақын Роза Әлқожа мен бағдарлама жүргізушісі айтыскер - ақын Айнұр Тұрсынбаева тарапынан жас ақынның өлең саптауында сөздік қорының молдығы ерекше атап өтіліп, келешекте қаламынан осындай тамаша туындылар таралады деген тілек білдірілді.


Комментариев нет
Просмотров: 581
Автор: mpcollege
Сайт: www.mpcollege.astana-bilim.kz
Добавлено: 03.02.2017 в 00:00