Меню KDT

«Жаратылыстану-математика сабақтарында интерактивті әдістерді қолдану» тақырыбында өзара тәжірибе алмасу семинары өтті.

                                                                   
25.01.2017 біздің гимназия қабырғасында «Жаратылыстану-математика сабақтарында интерактивті әдістерді қолдану» тақырыбында өзара тәжірибе алмасу семинары өтті.


                                                                   
             
Семинардың мақсаты: деңгейлік курстан өткен мұғалімдерді қоғамдастыққа баулу, шеберлік сынып сабақтарын өткізу арқылы тәжірибе алмасу.Семинар төмендегі жопар бойынша жүрді. Физика пәнінен 8-сыныптарда «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі» және 2-сыныптарда математика пәнінен өткенді пысықтау сабақтары сәтті өтіп семинар қатысушыларының оң бағасын алды. Семинарға қатысқан мұғалімдермен «Кейс стади» технологиясы бойынша өткен іс-шара қатысушылардың креативті ойлауын дамытып, семинардың мазмұнын аша түсті.
             

Теги:  семинар, өзара тәжірибе алмасу семинары, тәжірибе, Жаратылыстану, математика, сабақ, деңгейлік курс

Комментариев нет
Просмотров: 985
Автор: b1428skobilim
Сайт: www.b1428.sko-bilim.kz
Добавлено: 25.01.2017 в 00:00