Меню KDT

Әлеуметтік серіктестік – құзыретті маманды даярлаудың сәтті кепілі

2017 жылдың 20 қаңтарында колледжде «Әлеуметтік серіктестік - құзыретті маманды даярлаудың сәтті кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


2017 жылдың 20 қаңтарында колледжде «Әлеуметтік серіктестік - құзыретті маманды даярлаудың сәтті кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге келесі әлеуметтік серіктестік кәсіпорындары шақырылды: «Астана-Камкор»  ЖШС, «СП КазГерСтрой» ЖШС, сонымен қатар колледж әкімшілігі, арнайы пәндер оқытушылары және «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Туризм» бөлімінің өндірістік оқу шеберлері.   
Қонақтар алдында колледж директоры Серик Балтыханович құттықтау сөз сөйледі, ол білім беру мекемесі мен кәсіпорындар арасындағы тығыз ынтымастықтың маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелде келесі сұрақтар қарастырылды: жұмыс берушілердің талаптары мен стандарттарына сай келетін, өндірістік тәжірибенің жұмыс  бағдарламасы мен оқу материалдарына түзету еңгізуі, өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіпорындарында оқу және өндірістік тәжірибе өту мүмкіндіктері талқыланды.
Әлеуметтік серіктестіктермен кездесу қызықты өтті. Бұндай кездесулер оқу орындар мен кәсіпорындарға өте қажетті, жұмысқа орналасу барысында түлектерге ұсынылатын нақты міндеттер мен талаптарға жақындатады.


Комментариев нет
Просмотров: 520
Автор: mpcollege
Сайт: www.mpcollege.astana-bilim.kz
Добавлено: 27.01.2017 в 00:00