Меню KDT

Тимур командасының көмегі


2016 жылдың 14 желтоқсанында Сарыадыр  негізгі мектебі бойынша орта буын оқушыларымен ұйымдастырылған "Тимур командасы" зейнеткер Мұқанов Амангелді Серғалиұлының отбасына көмек көрсетілді. "Тимур командасының" осы іс-шараны басшылыққа алып қадағалап отыруын тәрбие ісінің меңгерушісі Еликпаева Данагуль Даулыбаевнаға және аға тәлімгер Бегалин Ренат Кенжеболатовичке жүктелді. Қыз балалар үй шаруашылығы жұмысын жүргізсе, ер балалар  ауланы, қора қатынап тұратын жолды қардан тазартты, су тасылып, төсеніштер қағылды. Түскі ас та әзірленді. Зейнеткерлер жасалған іске дән риза болып, қуанысып қалды. Балаларға ақ батасын беріп шығарып салды. 


Комментариев нет
Просмотров: 1556
Автор: b0942skobilim
Сайт: b0942.sko-bilim.kz
Добавлено: 11.01.2017 в 00:00