«Жолдағы Дымбілмес» ЖЖИ насихатжасағының жұмысы
«Сен және сенің құқықтарың, жасөспірім» айлығының іс-шараларын жүзеге асыру аясында, «Қатыгездіксіз және зорлықсыз балалық шақ» іс-шаралар жоспарына сәйкес №6 гимназияның 5-9 желтоқсан аралығында 1-ші сынып оқушылары үшін ЖЖИ жасағымен «Жолдағы Дымбілмес» іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты: оқушыларды ЖЖЕ орындау мен меңгеруге баулу. Іс-шара жаттықтыру сипатында өткізілді. Оқушылар ЖЖЕ орындауын насихаттайтын фильмді тамашалады. Фильмнен кейін оқушылар тест сұрақтарына жауап берді. Ең үздік оқушылар «ЖЖЕ үздік білгіштері» грамоталарымен марапатталды.
Комментариев нет
Просмотров: 353