Меню KDT

Егеменді елімнің ертеңімін

2016 жылдың 16 желтоқсанында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіз ел болғанына 25 жыл болғалы отыр. Тәуелсіздік – қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол -  азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры.


2016 жылдың 16 желтоқсанында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіз ел болғанына 25 жыл болғалы отыр. Тәуелсіздік – қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол -  азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры.
«Еліміздің   ертеңі – білімді ұрпағымызда» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Сол білімді жастарды болашақта осы оқушыларымыз құрайтын болады.



Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез, деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық» деген. Қазіргі таңда тәуелсіздігіміздің  баянды болуы – білімді ұрпақтың қолында. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» 25 жұлдызды күн акциясы өтуде. Дәл бүгінгі күн 9-желтоқсан – Білім күні.
Осы мақсатпен бүгін  3-сынып оқушылары арасында «Егеменді елімнің ертеңімін» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
 
Мақсаты: Тәуелсіз елдің ертеңі – білімді жастарда екендігін ұғындырып, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сынып аралық қарым – қатынасты нығайту.
Сынып жетекшілері: Сания Қабдулманқызы, Эльмира Темирболатқызы, Күлжан Ермекқызы, Құралай Саркенқызы, Зура Сағындыққызы.







Теги:  Қазақ мектеп – гимназиясы, Казахская школа гимназия, Қазақ мектеп гимназиясы, Петропавл Қазақ мектеп гимназиясы, Петропавловск Казахская школа гимназия, Петропавловск школа 19, КШГ, Петропавловск КШГ, Петропавл КШГ

Комментариев нет
Просмотров: 1171
Автор: b1429skobilim
Сайт: www.b1429.sko-bilim.kz
Добавлено: 09.12.2016 в 00:00