Сақтан ұрпақ, ЖИТС деген қатерден!
1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес күніне орай мектебімізде 10 сыныптар арасында «Сақтан ұрпақ, ЖИТС деген қатерден!» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Астана медицина университетінің 3 курс студенттері келіп, қызықты тренингтер жүргізді және ЖИТС туралы мәліметтер берді. Тақырыпқа қатысты ойындар ойнатылды. Бірнеше сұрақ-жауаптар болды. Сауалнамалар толтырылды. Белсенділік танытқан оқушылар мен ұстаздар марапатталды. Оқушылар ашық сабақ барысында ЖИТС туралы көп мәліметтермен қанық болды және сақтану жолдары туралы толық ақпараттармен танысты. 
Комментариев нет
Просмотров: 921