Меню KDT

Менің таңдауым – менің болашағым


 

 

2016 жылдың 22 қараша күні білім ордамызда өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп  Президентін Сайлау күні өтті. Мектеп президенттігіне 11 оқушы үміткер ретінде өздерін ұсынды.

Олар:  9 «А» Махамбет Бақдәулет, 9 «Б» Нұржан Лейла,  9 «Б» Қалиева Жасмин,  9 «В» Бекетов Данияр,  9 «Г» Букеева Дана,  9 «Г» Қуанышева Айгерім,  10 «Ә» Еркен Лейла, 10 «Б» Іздей Мұхаммед,  10 «Б» Рәбілова Алия, 10 «В» Тайманов Рахым, 11 «Б» Серікбай Ерхат.  

Сайлауға 1400-ге жуық дауыс беріліп, сайлауға қатысушылар өз таңдауларын жасады. Мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар белсенділік танытты.

Сайлау қорытындысы бойынша 200-ге жуық дауыс жинап үшінші орында табан тіреген 9 «Б» сынып оқушысы Қалиева Жасмин, премьер министр орнына лайықты дауыс жинаған 9 «А» сынып оқушысы Махамбет Бақдәулет, 500-ге жуық дауыс жинап, Мектеп Президенті атағын 9 «В» сынып оқушысы  Бекетов Данияр иеленді. Құттықтаймыз!!!


Комментариев нет
Просмотров: 1285
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.11.2016 в 00:00