Меню KDT

Өзін-өзі тану пәнінің семинары

15 қараша 2016 жылы №21 орта мектепте «Жалпы білім беру барысындағы  өзін-өзі тану пәнінің интеграциялануы»


15 қараша 2016 жылы №21 орта мектепте «Жалпы білім беру барысындағы  өзін-өзі тану пәнінің интеграциялануы»  тақырыбында қалалық семинары өтті. «Созвучие сердец» үйірмесінің негізінде өткен семинардың мақсаты: өзін-өзі тану пәні негізінде интеграция әдісін көрсету.

        Семинарға қала мектептерінің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысты. Математика пәні мұғалімі Г.Т. Смагулова геометрия пәнінен сабақ өткізді. Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған тренинг өтті. Бұл тренингте мұғалімдерге өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен қалай байланыстыруға болатыны туралы айтылды. Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен іштей және сырттай байланысын Н.И. Харькованың жетекшілігімен үшінші деңгейлік курсты өткен өзін-өзі тану пәні мұғалімі- Темирова Л.С. өз сабағында жақсы көрсете білді.


 




















Теги:  семинар, мектеп

Комментариев нет
Просмотров: 845
Автор: 21mektep
Сайт: www.21.astana-bilim.kz
Добавлено: 17.11.2016 в 00:00