Меню KDT

«Ұлы дала еліміз!»

Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылы қазан айының 19- ы күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық «Ұлы дала еліміз!» атты қашықтықтан байқауы өтті.


Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылы қазан айының 19- ы күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық «Ұлы дала еліміз!» атты қашықтықтан байқауы өтті. Сол байқаудың қорытындысы бойынша  16.11.2016 ж Астана қаласының №65 мектеп – гимназиясында дөңгелек үстел өтіп, байқаудың қорытындысы бойынша №59 мектеп – лицей атынан қатысқан тарих пәнінің мұғалімдері Мансұрова Құрмет Битөлеуқызы және Шнанов Өтелбек Ризабекович  «Қазақтың жайнар даласы....» атты номинациясы бойынша жүлделі 2 орынға ие болып,  II дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы республикалық байқауға мектеп оқушылары да атсалысты. Тарих пәнінің мұғалімі Мансұрова Құрмет Битөлеуқызының жетекшілігімен 11 «А» сынып оқушысы Молдатай Бекнұр « Тәуелсіздік – басты тұғырымыз» атты өз жобасын ұсынып, II дәрежелі диплом иегері атанды.




Комментариев нет
Просмотров: 459
Автор: 59mektep
Сайт: www.59.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.11.2016 в 00:00