Меню KDT

«Адами қарым - қатынас жасау ізгіліктері»

№ 29 о.м. 07.11.16ж.   9 «Б»сыныбында «Адами қарым - қатынас жасау ізгіліктері» атты тәрбие сағаты өтті

Сынып жетекшісі: Рахимберлина А.А.

Мақсаты: Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту. 
Міндеттері: 
адами қарым – қатынас жасау ізгіліктерін түсіндіру; 
адами қарым – қатынас жасаудың ізгіліктерін дамыту; 
адами қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың дәйек сөзі : « Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады»  Ж.Ж. Руссо 
Оқушылармен тренинг ұйымдастырылды, «Шым-шытырық» ойынына қатысты.Ойыннан шығатын тұжырым: қандай жағдайда болса да шешім табуға болады.

Тәрбие сағатының қорытындысы: Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді болады.Кикілжіңнің себебі, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат, қызығушылықтардың келіспеуіболатындығын естен шығармаңыздар.Қандай шиеленіскен жағдайлар болмасын, эмоцияға беріліп, қызулықпен іс-әрекет етпеңіздер.Ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз кейін қалпына келмеуі мүмкін.Естеріңізде болсын, кикілжіңді сәтті шешу дегеніміз – бұл жеңілгендер де, ренжігендер де болмайтын, кикілжіңге қатысушылардың бәрі жеңімпаз болатын шешім табу. 
Өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен дұрыс. Яғни, ашуды – ақылға жеңдіре білген адам кез – келген кикілжіңдерден аулақ болады. 
                         
Комментариев нет
Просмотров: 1830
Автор: 29mektep
Сайт: www.29.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.11.2016 в 00:00