Меню KDT

«5-сыныптардағы эстафеталық сайыстар» тақырыбында өткізілген сайыс

Астана қаласы №49 орта мектебінде 2016 жылғы 26-қазан күні 5-сынып оқушыларымен «5-сыныптардағы эстафеталық сайыстар» тақырыбында балалардың денсаулығы


Астана қаласы №49 орта мектебінде 2016 жылғы 26-қазан күні 5-сынып оқушыларымен «5-сыныптардағы эстафеталық сайыстар» тақырыбында балалардың денсаулығы мықты, епті, батыл, икемді болып өсуі үшін гимнастика, дұрыс тамақтану, т.б. сияқты салауатты өмір салтын сақтау дағдыларын дамыту мақсатында  №3 қалалық емхананың алдын алу,  әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің мамандары және Астана қаласы №49 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлескен жұмыстар жүргізілді.

Эстафеталық сайыс кезінде 5-сынып оқушылары «Қыран», «Барыс» топтарына топтасып, жүгіру, арқан жіп арқылы жүгіру, отырып жүгіру, доп соғып жүгіру, т.б. кезеңдерін орындап, бірінші, екінші, үшінші орындармен марапатталды.

                            
                  


                     


Комментариев нет
Просмотров: 789
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.10.2016 в 00:00