Меню KDT

«Өз балаңа үлгі бол»


  1. 09.2016ж.  2016 жылдың 10-қыркүйек күні  1 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек ұсыну мақсатында ХХІ ғасыр ата-аналарына арналған «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Ата-аналар құрметіне отбасы күніне арналған шағын концерт ұсынылды.
   Конференция барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі  Е.Сағадиевтің ата-аналарға жолдаған хаты оқылып,  Отбасылық Тәрбиелеу Институтының  директоры С.Евдокимованың құттықтау лебізі тыңдалды.  «Нұр Отан» партиясы  Орталық аппаратының өкілі   Қожахметов Шыңғысхан ата-аналарды құттықтап, «Нұр Отан» партиясының жүргізіп жатқан игі істері жөнінде әңгімеледі.
      Мектеп психологы  Қ.Жеңіс 1 сынып ата-аналарына  педагогикалық-психологиялық  тұрғыда   қалай көмек беруге болатындығын  слайд арқылы  түсіндірме жұмысын жүргізді.  Психологиялық көмек ретінде кеңестер айтылды, бейнебаяндар көрсетілді. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды. Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмекке жаднама таратылды.

 













Комментариев нет
Просмотров: 492
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.09.2016 в 00:00