Спорт – денсаулық кепілі
«Отбасы күні» мерекесі аясында мектебіміздің спорт залында 5-сынып ата-аналарының қатысуымен отбасылық эстафета өтті.
«Отбасы күні» мерекесі аясында мектебіміздің спорт залында 5-сынып ата-аналарының қатысуымен отбасылық эстафета өтті. Бұл сайыс алты кезеңнен тұрды. Әділқазылар алқасының шешімімен барлық кезеңде ең көп ұпай жинаған 5 «Г» сыныбының Жұмабековтер отбасылық командасы жүлделі І орынға ие болды. ІІ орынды 5 «Ә» сыныбының Жакишевтар отбасылық командасы иеленсе, ІІІ орынға 5 «Д» сыныбының Шакеровтар отбасылық командасы лайық деп танылды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Ж.Жарылғасова
Комментариев нет
Просмотров: 486