Меню KDT

Отбасы – бақыт мекені.

«№51 мектеп-гимназиясында Білім Министрлігі және Астана қаласы Білім басқармасының хатына байланысты 8 – 13 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтың жоспары бекітіліп, 5-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары, кездесу өтті.


«№51 мектеп-гимназиясында Білім Министрлігі және Астана қаласы Білім басқармасының хатына байланысты 8 – 13 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтың жоспары бекітіліп, 5-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары, кездесу өтті.
Апталықтың мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызы дәріптелді.
Ұстаздар өткізілген тәрбие сағаттарында отбасы-мемлекеттің негізгі буыны екендігін, тәрбие–отбасынан басталатындығын түсіндірді. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықта бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында ата-аналар, ұстаздар, оқушылар ойларын ортаға салды. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті екендігін түсіндіретін кездесу өте жоғары деңгейде өтті. Сайыс түрінде де өтіп жатты.Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз екенін білеміз. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі арқылы әулеттің ынтымағы, әулеттің берекесі дамиды.
Сулейменова Гульжанның жетекшілігімен 5б – сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы-тірегіміз» атты тәрбие сағаты өтті.

 


 


Комментариев нет
Просмотров: 662
Автор: 51mektep
Сайт: www.51.astana-bilim.kz
Добавлено: 08.09.2016 в 00:00