Ертегілер әлеміне саяхат күні
6 маусым – Ертегілер әлеміне саяхат күні
«Балдырған» лагері балалардың жазғы мезгілінде уақыттарын тиімді пайдалану, балалармен әртүрлі бағыттағы мәдени- көпшілік іс- шараларды ұйымдастыру мақсатында 6 маусым күні лагерь аймағынан тыс Азия паркке серуен ұйымдастырылды. Онда балалар көгілдір экран алдында отырып "Алиса айнаның арғы бетінде" фильмінің тамашалады. Бұл Льюис Кэрроллдың естен кетпес кейіпкерлерінің қызықты оқиғасы жайлы фильм. Алиса өзінің елестеткен Жерасты әлеміне қайтып келіп, Қалпақшыны құтқару үшін өткен өміріне саяхат жасайды. Картинаның режиссері Джеймс Бобин "Алиса ғажайыптар әлемінде" фильмінде өзінің өмірге деген ерекше көзқарасын көрсетеді. Фильмнің сценарийін Линда Вулвертон Льюис Кэрроллдың ойлап тапқан кейіпкерлері негізінде жазған. Осы мерекелерден басқа мектеп алаңында бой шынықтыру жаттығуларын жасап, түрлі ойындар жүргізілді.





