«Кис-кис» шоу күні
2 маусым – «Кис-кис» шоу күні. Таңғы астан кейін мектептің би үйірмесінің мұғалімі, Жумашева Бибігүл, оқушыларды таза ауада би билетті, ал дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді. «Кис-кис» шоу күніне әр топ мысық жайлы бір мәлімет жинап, өлең оқып, ән айтып, сурет салу, қол өнер жасап қазылар алқасын тан қалдыру керек еді. Нәтижесінде 1 орын - «Қарлығаш» тобы, 2 орын - «Смешарик» тобы, жүлделі 3 орынды қос топ «Дәурен» мен «Айгөлек» иеленді. Ал «Қошақан» тобы - «Ең ақылды топ» номинациясын, «Солнышко» тобы - «Шығармашыл топ», «Радуга» тобы – «Сәнді киім үлгісі», «Ақжелкен» тобы - «Ең дарынды топ», «Бәйтерек» тобы – «Досжан топ» номинацияларын жеңіп алды.












Комментариев нет
Просмотров: 167