Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында «Балалар жүрегіндегі Әнұран» тақырыбында лагерьдегі топтарда іс-шара өтті
2016 жылы 3 маусымда МЕМЛЕКЕТТІК рәміздерді насихаттау мақсатында «Балалар жүрегіндегі Әнұран» тақырыбында мектеп жанындағы лагерьдегі топтарда іс-шара өтті.
Мақсаты: Оқушыларды елжандылыққа, өз Отанын сүюге, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойларын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге дағдыландыру. Отанды сүюге, топта жұмыс істеуге, достық сыйластыққа тәрбиелеу.
Лагерь балалары Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқады. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер жайында мағлұмат берілді. Балалар Отан тақырыбында әндер айтты. Сонымен қатар Ту, Елтаңба, Әнұранға байланысты көркем сөздер оқылды. Мерекеге орай өткізілген бұл мерекелік іс-шараға техникалық құрал - жабдықтарда пайдаланылды. Әр оқушыға Қазақстан Республикасының Конституциясындағы берілген негізгі құқықтармен таныстырып, Заң түсініктері туралы мағлұмат берілді.
![]() |
![]() |
Комментариев нет
Просмотров: 1012

