Ұлттық бірыңғай теслілеу «Алтын белгі «үміткерлері: Тожыбаев Айбат - 121 ұпай, Нарен Мардан - 122 ұпай, Жанат Нұрайым - 120 ұпай, Ахметжанова Камила - 117 ұпай және «Үздік аттестат» үміткері Ержанов Нұрасыл - 125 ұпай жинады.
Астана қаласының № 72 мектеп-лицейінің 2016 жылғы түлектері 04.06.2016 жылы Гумилов атындағы Ұлттық Университетінде өз білімдерін сынау үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсырды. Ұлттық бірыңғай тест сынағына мектептен 44 оқушы қатысты.
Ұлттық бірыңғай тест нәтижесі мектеп бойынша 95,6% пайыз білім сапасын көрсетті. Сынақ нәтижесінен былтырғы жылмен салыстырғанда мектеп оқушыларының білім деңгейлері өсіп отырғандығы байқалады.
Ұжымның сенімін артқан «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» үміткерлерінің барлығы осы атқа лайық екендерін дәлелдеді.
«Алтын белгі «үміткерлері: Тожыбаев Айбат - 121 ұпай, Нарен Мардан - 122 ұпай, Жанат Нұрайым - 120 ұпай, Ахметжанова Камила - 117 ұпай және «Үздік аттестат» үміткері Ержанов Нұрасыл - 125 ұпай жинады.
100 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізген түлектер саны - 18. Бұл динамика оқушыларды ұстаздар қауымының оқушыларды сынаққа дайындау сапасының өскенін және бұған жүйелі жұмыстар жүргізудің арқасында жетіп отырғандығын көрсетеді. Сонымен қатар қол жеткізіп отырған нәтижелер –ұжым басшысының білім сапасын арттыруға бағытталған сапалы жұмыстарының көрсеткіші.
2016 жылғы - түлектерді құттықтаймыз!