«Балдырған» мектепішілік жазғы лагерінің І -ауысымындағы жүргізілген жұмыстар
2015-2016 оқу жылындағы №72 мектеп-лицейі «Балдырған» мектепішілік жазғы лагерінің І -ауысымындағы жүргізілген жұмыс есебі.
Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.
Іс - шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Балдырған» лагері өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарды:
- Салауатты өмір салтына баулу;
- Эстетикалық тәрбие;
- Азаматтық - патриоттық және ұлттық тәрбие;
- Тәрбие беру - сауықтыру жұмыстары;
- Спорттық шаралар.
«Балдырған» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалынды.

І ауысым мамырдың 30-нан 10-на дейін «Балдырған» атты жазғы мектеп демалдыру алаңы өттіді. Лагерьдің жұмыс уақыты 9:00-ден 14:00-ге дейін .
30 мамыр күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, «Балдырған» лагерінің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізілді. Онда «Ең, ең …», атты көңілді ойындар, түрлі массалық билер, ертегі кейіпкерлерінің және клоундардың қызықты қойылымдары өтті. Ашылу салтанатында ертегі кейіпкері Пират, балалар әлемінің кілтін ұрлап алып, оқушылардан өнер көрсетуін талап етеді.

Өнерден құр алақан емес біздің оқушылар, Пират ағайды таң қалдырып, іс-шара соңында кілтті клоундарға қайтарып береді.



Мереке соңында балалар асфальтта сурет салды.
31-мамыр күні «Біз ұйымшыл топпыз» тақырыбында өрбіді. Осы күні балалар топқа бөлініп, өз топ аттарын, ұранын, әнін құрастырды. 1-топ «Қошақан», 2-топ «Ақжелкен», 3 – топ «Смешарик», 4-топ «Радуга», 5-топ «Солнышко», 6-топ «Қарлығаш», 7-топ «Дәурен», 8-топ «Айгөлек», 9-топ «Дружба» болды. Балалар белсенділік көрсете отырып қатысты.

Осыдан кейін дене шынықтыру, ағылшын, қазақ тілі мұғалімі қызықты да,қызғылықты үйірмелер мен сабақтар өткізді.

Түскі астан кейін мектеп дәрігері Алпысбаева Жанна Карловнамен «Дәрумендер мен микроб» атты дәрігерлік кеңес ұйымдастырылып, балалар көптеген сұрақтарға жауап алды.
1 маусым - «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс - шаралар жан-жақты ұйымдастырылды.



Таңғы астан кейін мектеп алаңында бой шынықтыру жаттығулары дене шынықтыру мұғалімімен жүргізілді.

Балалар күніне арналған мерекелік салтанатты түзеу өткізілді. Балалар өз өнерін көрсетіп, уақыттырын көңілді өткізді. Содан кейін 3-4 сынып оқушыларымен «Қазақстан» концерт залында «Асыл бала» қоғамдығы ұйымдастырған мерекелік концертті тамашалап қайттық. Онда Қазақстанның жан - жағынан келген балалардың өнеріне куә болдық.
