Меню KDT

4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздер күні


4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздер күні

 4 маусым күні - Патриоттар күні «Рәміздерді құрметтейік!» атты салтанатты сап жиыны өткізілді.Іс - шара  басында ҚР Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұран шырқалды. «Радуга» тобы бүгінгі мерекеге арналған тақпақтарын айтты және  4 сынып оқушыларының орындалуында «Жас ұлан маршы» шырқалды. Жиын соңында әр топ Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған мерекеге байланысты оқушылармен танымдық тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың патриоттық сезімін ояту, отанды сүю, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Тәрбие сағаты Ту мен Елтаңба бейнелерінің нені білдіретіні түсіндірілді. Мерекенің соңында  «Көше ережесін білесің бе?» атты театрландырылған көрініс өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді.   

 


























Комментариев нет
Просмотров: 143
Автор: 72mektep
Сайт: www.72.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.06.2016 в 00:00