Меню KDT

1 мамыр - қазақстан халқының бірлігі күні өткізілген тәрбие сағаттары

1 мамыр - қазақстан халқының бірлігі күніне орай бастауыш сыныптар және орта буын арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Ғалия Фархатқызы 2-4 сынып арасында "Ынтымағы жарасқан ел" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Оқушылар әр ұлт өкілдерінің киімін киіп, сол ұлттың өнерін ортаға салды. 3-4 орыс сынып оқушылары арасында орыс,қазақ,беларусь,украин,татар,өзбек,түрік,азербайжан ұлт өкілі оқушылары болғандықтан сол ұлттың тілінде олең ,жырларын көрсете білді. Ажибаева Ұлжан 5-7 сынып оқушылары арасында әр ұлттың тұрмыс тіршілігіне шолу жасап, өнерлерін ортаға салды. Әр ұлт өкілдері сол ұлттық салт-дәстүрінен үзінді көрсетіп достыққа , бірлікке шақырды. Тәрбие сағаты соңында оқушылар үш тілде "Бір үйдің баласындай" әнін жақсы орындап шықты.

Комментариев нет
Просмотров: 741
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.05.2016 в 00:00