Меню KDT

«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абай оқулары байқауы өтті

Сәуір айының 9 жұлдызында 4- сыныптар арасында мектепішілік «Абай – дана, Абай – дара қазақта»  атты Абай оқулары байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, түсуге ынталандыру.

 «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,
 Ақындықты көздесең, жаттап тоқы көңілге», - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, келешек ұрпаққа Абайды оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан теңіз. Сайыстың шымылдығын 3 «А» сынып оқушыларының орындауында  Абайдың  «Желсіз түнде жарық ай» әні ашты.

Абай атамыз 17- қара сөзінде «Ақыл,  қайрат,  жүрек ұштасқанда ғана адам дегеніне жетеді» деген. Бұл күні Абай өлеңдерін шын мәнінде түсініп, сырын ашып, жаттап, мәнерлеп айту байқауына келген 4-сынып оқушылары мен қонақкәдемен келген 3 сынып оқушыларын ортаға шақырылды.

  Оқушылар сынып бойынша шығып, жаттаған өлеңдерін айтты. Оқушылар мәнерлеп оқу сайысына өте жақсы дайындықпен келген екен.Бірінен - бірі өте сайыс майталмандары ерекше белсенділікпен көзге түсіп жатты.

     4 «Б» сынып оқушысы Иманғали Ақерке – 1 орын, 4 «Ә» сынып оқушысы Мұхтар Арайлым – 2-орын, 4 «А» сынып оқушысы Канафин – 3- орын иеленді. Басқа сынып оқушылары белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы 4 «Б» сынып оқушысы Иманғали Ақеркені құттықтай отырып , қалалық  «Абай оқулары » сайысында да  жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.

Комментариев нет
Просмотров: 674
Автор: 48mektep
Сайт: www.48.astana-bilim.kz
Добавлено: 11.04.2016 в 13:17