Меню KDT

Математика пәнінен «Зерде» ауызша олимпиадасы

№9 «Зерде» дарынды балалар мектебі базасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 қазақ сыныбы оқушылары арасында 2016 жылғы 28-29 наурыз аралығында математика пәнінен қалалық ауызша «Зерде» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.


   "Астана дарыны" ӨҒПО  "Зерде" дарынды балаларға арналған мектебінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 01-11 хатына сәйкес оқушылардың жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтап, олимпиада резервін құру мақсатында №9 «Зерде» дарынды балалар мектебі базасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 қазақ сыныбы оқушылары арасында 2016 жылғы 28-29 наурыз аралығында математика пәнінен қалалық ауызша «Зерде» олимпиадасы өтетінін хабарлайды. Олимпиадаға әр параллельден 2 оқушыдан қатыса алады.

           Олимпиада екі кезеңнен тұрады, әр кезең әр күні, яғни 2 күн өткізіледі:

           I кезең - жазбаша түрде (1-күн);

           II кезең – ауызша түрде (2- күн). Ереже қосымшада.

Олимпиада жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне түсуде басымдылық құқыққа ие болады.

           Олимпиадаға қатысу үшін тапсырыстар 20 наурызға дейін ақпараттық хат негізінде e-mail: zerde07@mail.ru электрондық мекенжайға жіберіледі.


Комментариев нет
Просмотров: 637
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 14.03.2016 в 00:00