Меню KDT

«Алғыс айтам хатыммен ардақты жанға»


Алғыс дегеніміз – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі, үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. 1 наурыз алғыс айту күніне орай мектебіміздің өзің-өзі басқару ұйымының белсенді оқушылары «Алғыс айтам хатыммен ардақты жанға» атты ашықхаттар іс-шарасын ұйымдастырды. Оқушыларымыз білім нәрін бойларына сіңіре білген ұстаздарына, мәпелеп, жылатпай,құлатпай өсірген ата-аналарына, дос-құрбыларына ашықхаттар арқылы жылы лебіздерін, алғыстарын хаттар арқылы жаудыртты. 1-наурыз күні өзің-өзі басқару ұйымы хаттарды өз иелеріне табыстады




Комментариев нет
Просмотров: 403
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.03.2016 в 00:00