Меню KDT

Поэзия, менімен егіз бе едің?

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арнап, мектебіміздегі ақын шығармашылығын сүйіп оқитын 9-11 сынып оқушыларымен "Поэзия, менімен егіз бе едің? " тақырыбында поэзия сағатын өткіздім. Алдымен "Есіңе мен алғайсың" атты әнін тыңдаудан басталды. Ән аяқталған соң, jоқушылар сезімдерімен бөлісті. Мұқағали туралы өз білетіндерін ортаға салды. Содан кейін барып , ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы дайындалған бейнефильмді көрсетіп, жасалған фотошежіремен таныстырдым . Ақынның туған жері туралы сыр шерте келе, " Қайран , Қарасазым-ай" әнін тыңдаттым.Оқушылардың сезіміне әсер еткеннен кейін барып , өлеңдерін оқуға жарыса кірісіп кеттік . Бұл поэзия сағатының балалардың көпке дейін есінде қалатынын олардың жазған ойтолғаныстарынан байқадым.

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назым Төкебаева

Комментариев нет
Просмотров: 472
Автор: 48mektep
Сайт: www.48.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.03.2016 в 09:14