Меню KDT

Астана қаласы№72 мектеп-лицейінде 26.02.2016 жылы деңгейлік оқыту бағдараламасы аясында «Өзін-өзі реттеу әдісін оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.


 

Астана қаласы№72 мектеп-лицейінде 26.02.2016 жылы деңгейлік оқыту бағдараламасы аясында «Өзін-өзі реттеу әдісін оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинар мақсаты: Мұғалімдердің білім мазмұнын жаңарту жағдайында қолдау көрсету, желілік қоғамдастықтың жүйелі дамуына ықпал ету.



Семинарда басты үш түрлі шара жүзеге асты:

1) Деңгейлік бағдарламаны тәмамдаған мұғалімдер мен менторинг (тәлімгер мен тәлім алушылар)желілік қоғамдастықта ашық сабақтар арқылы тәжірибе алмасуы;
2) Коучинг үдерісі;
3) Кері байланыс: пікірлесу, ұсыныс, қорытынды;

Семинарға желілік қоғамдастықта бірлесіп жұмыс жасайтын №17, 5, 10, 24, 45, 49, 69, 71, 75 мектептермен қатар, тәжірибе алмасу мақсатында № 66, 7, 78, 66, 70, 80, 34, 62, 25, 31, 51, 37, 74 мектептер де  белсене қатысты. 













Практикалық семинарға өз көмектерін беру үшін Астана қаласы «Өрлеу» орталдығынан Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы, Педагогикалық шеберлік орталығынан Сара Еркеновна, Энтина И.Л., Білім басқармасынан әдістемелік кабинеті меңгерушілері:Баяхметбаев К.І., Канапьянова Г.И., Нұртаева Қ. Ө., Меңдібаева А.Т., Асылтас Задановнақатысты.

Семинардың жүргізілу барысы, нәтижесі, кемшіліктерімен мүмкіншіліктері, кездескен қиындықтары туралы қатысушылар өзіндік пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
















































Комментариев нет
Просмотров: 170
Автор: 72mektep
Сайт: www.72.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.02.2016 в 00:00