Меню KDT

Әр жақсылыққа жеті жүз сауап.

Адам өміріндегі игі істердің бірі-мұқтаж жандарға көмек беру. Осы мақсатта мектебімізде қаңтар айының 23-і күні  «Мейірім  шапағаты» атты жәрмеңке өтті. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол  ата-аналардың көп екеніне көзіміз жетті.

 Қамқорлық ізгі ниетпен,
Туады жылы жүректен.
Арайлы күннің риясыз,
Шапағы сынды нұр төккен! –

деп басталған  тебіреністі сөзден соң, оқушылар әзірлеген концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Ерекше белсенділік танытқан  төмендегі сыныптар: 1 «В» сынып жетекшісі Шингина Ажар Нигметжановна,    3«А»сынып жетекшісі Темирбекова Жұмагүл, 1 «Б» Сағымбаева Дария Мұхтарқызы, 2 «Б» Жусупова Орынгүл Қабдолқызы.

Жәрмеңкеден түскен қаржыны  тәрбие бөлімі мүдделі,кіріптар,көмекке мұқтаж адамдарға таратуды  жоспарлап отыр. Іс-шараға жауапты болған     Мара Жамбылқызы  қайырымдылық  жасау  әрбір адамның адамгершілік борышы дей келе, жәрмеңкеге ерекше  белсенділікпен қатысқан  оқушыларға,сынып жетекшілеріне, ата-аналарға шексіз алғыс білдірді.

                Жүректен мейірім,көңілден адал  пейіл азаймасын!  Осындай игі істер өз жалғасын таба
берері сөзсіз.

Комментариев нет
Просмотров: 607
Автор: 48mektep
Сайт: www.48.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.01.2016 в 08:27