Меню KDT

«Тәуелсіздік туы-мәңгі желбірейді » атты мектепішілік іс-шара туралы анықтама

Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз: Оқушыларға желтоқсан оқиғасына қатысқан жас қайраткерлеріміздің ерлігін, отанға деген сүйіспеншілік сезімін түсіндіре отырып, патриоттық сезімге, төзімділікке баулу және қайраткерлерге құрметпен қарауды ұғындыру.


9.12.15-«Тәуелсіздік ел− тірегі» атты мектеп кітапханасында және бірінші қабатта көрме(суреттер,баспа материалдары т.б) кітапханашы Ұ. Нұрымованың  ұйымдастыруымен жасалды.              Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандар және  тәжірибелі   ұстаздар  желтоқсан  айының  9 – 15 аралығында  ашық тәрбие сағаттары , 1-4 сыныптар  арасында  сурет байқауын өткізді. Әр  сабақтың  тақырыбына  сай қызықты ,  оқушының  түсінуіне  жеңіл болатындай әдіс – тәсілдерді  пайдаланады. Әр  сыныптарда   өтілген  тәрбие  сағаттары  ойдағыдай  өтті. Жас  мамандар  да  өздерін  көрсете  білді.  Сурет  байқауына   да  өте жоғары   дәреже  ат салысқан  ұстаздар да  болды. Атап  айтар  болсам :  бірінші 1 «Г» сынып   жетекшісі Алиева  Ардақ Жақсытай қызы   бірінші  сынып  оқушыларымен  осындай  үлкен  сайыста   атсалысқаны  үшін алғыс  айтуға  тұрарлық. Мұрат І, Бейсенбаева  А, Болатбек Н, Бакеева М

Күні  кеше  ғана

« Жаса, жайна, Тәуелсіз   Қазақстан »  сурет  байқауына  да

 І орын  иеленген  оқушылар  Абельдинов   А, Раушан  Т., Садуақас Ж., Максутбек А., Сапабек М., Сабырбек М.
ІІ орын  иеленген  оқушылар    
Избасова   И, Болатова  Б, Жарқымбай З, Кабыкен Д.
ІІІ  орын  иеленген  оқушылар    
Нурбаев  А, Абдулаев Н., Шакиева Д, Нургали Р.

  « Жаса, жайна, Тәуелсіз Қазақстан!» 1-4-сыныптардың салған үздік суреттері көрмеге ілінді. жеңімпаздар анықталып, марапатталды
Сурет көрмесінен
  


 


Комментариев нет
Просмотров: 750
Автор: 51mektep
Сайт: www.51.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.12.2015 в 16:09