Меню KDT

«Жеткіншектердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу»

21.11.2015  жылы  Дарынды  балаларға  арналған № 9 «Зерде» мектебінде «Жеткіншектердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу»  тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті.


21.11.2015  жылы  Дарынды  балаларға  арналған № 9 «Зерде» мектебінде «Жеткіншектердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу»  тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті.  Конференцияға  ата-аналар комитетінің мүшелері, мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы, медбике, әлеуметтік педагог қатысты.  Мектеп психологы Бірмағанбетова Ә.Ә. жеткіншектер арасындағы суицид, оның себептері, ескертуші белгілер, сұрақтар қою жолдары туралы ескерте келе, өмірдегі кез-келген қиын жағдайдан шығатын жол табуға болатындығы,  жеткіншек бойында  жағымды көзқарас тәрбиелеу, жеткіншектерді  іс-әрекеттің пайдалы түрлеріне тарту  қажеттілігі және өмірдегі қиын  жағдайларда  ата-ана, сынып жетекші және психологқа сеніп, жүгіне алатынын білу керектігі, сонымен қатар отбасында үйлесімділік  болу қажеттілігін атап өтті. Жедел психологиялық көмек  көрсету қызметтері мен сенім телефондары туралы ескертілді.

 

 

 

 

        Мектеп басшысы Ә. Серғазықызы                         Ата-ана Сатыбалдиева Ж. алғыс
                қорытынды  сөз сөйлеуде                                          білдіруде

 

Орынд. Бірмағанбетова Ә.Ә.


Комментариев нет
Просмотров: 654
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 21.11.2015 в 00:00