Меню KDT

«Мен өмірді сүйемін»

Жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың алдын-алу, өмірге деген құлшыныстарын арттыруды мақсат еткен мектеп психологы Сатыбалдиева С.А, Ниязбекова М.Г


  


«Өмір-сенің жарқылдайтын аспаның, Өмір- сенің сарқылмайтын дастаның»-демекші, жасөспірімдерге өмірдің мәнін, құндылығын түсіндіру мақсатында Астана қаласы №15 мектеп-лицейінде 21-24 желтоқсан аралығында «Мен өмірді сүйемін» атты психологиялық апталық өтті. Оған ұстаздар мен оқушылар да қызығушылық танытты. Жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың алдын-алу, өмірге деген құлшыныстарын арттыруды мақсат еткен мектеп психологы Сатыбалдиева С.А ,Ниязбекова М.Г «Өмір қымбатсың маған» деген тақырыппен тренинг өткізді. Сондай-ақ «Обьективте-тек қана позитив» тақырыбында фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылып, жақсы сурет шығарған сыныптарға, эссе қорытындысы бойынша және психологиялық ойын ұйымдастырған волонтерлар  мақтау қағазымен  марапатталды.

  


Комментариев нет
Просмотров: 504
Автор: 15mektep
Сайт: www.15.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.12.2015 в 00:00