Меню KDT

Көшбасшы- 2015

2015 жылғы қараша айының 19-ы күні Астана қаласы мектептерінің дарынды оқушыларының арасында «Көшбасшы 2015»  атты байқау өтті. Байқау 2 кезеңнен тұрды және оған алғашында  қала мектептерінен  90 оқушы қатысты.


   2015 жылғы қараша айының 19-ы күні Астана қаласы мектептерінің дарынды оқушыларының арасында «Көшбасшы 2015»  атты байқау өтті. Байқау 2 кезеңнен тұрды және оған алғашында  қала мектептерінен  90 оқушы қатысты. Біздің мектеп-гимназияның намысын қорғау 10 «А» сынып оқушысы Базархан Дамирға тапсырылды. Финалға 16 бала өтті. Соның ішінде біздің мақтанышымыз Дамирда болды. Финал 3 сайыстан тұрды. 1-ші сайыс  мектепте алған білімдерінен сұрақтар келді. Ал 2-ші сайыс қазақтың дарынды ғалымдары: Евней Бөкетов, Әлімхан Ермеков және Қаныш Сәтбаев жайында болды.  3-ші сайыста олар өздеріне берілген тақырыптар жөнінде шағын ой толғау айту қажет болды.
      10 «А» сыныбы  №52 мектепті және Дамирды қолдауға көрермен боп барды. Сынып оқушылар қолдау көрсету мақсатында «Дамир алға» және «Жүзден жүйрік бол 52 қырандары» атты плакаттар жасап алып барды.

    Сонымен финал қорытындысы бойынша Бас жүлде № 60 мектеп-лицейдің оқушысы Айсұлу Алтынбековаға, 1-ші орын №40 мектеп оқушысы Камила Еманғалиеваға, 2-ші орын біздің мектебіміздің мақтанышы Базархан Дамирға және № 64 мектеп-лицей оқушысы Абилбеков Адалға, 3-ші орын  №62 мектеп-лицей оқушысы  Анель Турсункановаға,  № 66 мектеп оқушысы Ақниет Құрамысоваға  және  №38 мектеп-лицей оқушысы Диасжан Досболовға табысталды. Әркім өзіне тиесілі орынын иемденді. Мектебіміз өзінің тек дарынды және өнерлі оқушылардан құралғандығын тағы да дәлелдеді.




Комментариев нет
Просмотров: 791
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 20.11.2015 в 09:00