Шығармашылық байқау жарияланады
Қазақ қашаннан да өлең-жырға, әдемі сөзге әуес.
Қазақ қашаннан да өлең-жырға, әдемі сөзге әуес. Оны дәлелдеп жатудың еш керегі жоқ. Тек соны оқушылардың туындыларынан көрсек деген ниеттеміз. Ендеше, құрметті оқушылар, төмендегі тақырыптар бойынша шығармаларыңызды, өлеңдеріңізді (108 кабинетке) өткізе аласыздар.
Шығарма тақырыптары:
1) Алаштың ақберен, айбоз ұлы... (Міржақып Дулатовтың туғанына 130 жыл толуына орай)
2) Достықтан артық байлық жоқ, байлықтан артық достық бар.
3) Астаналық мектептің шәкіртімін.
Өлең тақырыптары:
1) Алаштың ақберен, айбоз ұлы... (Міржақып Дулатовтың туғанына 130 жыл толуына орай)
2) Анашым - асыл қазынам.
3) Ертеңіме сенемін.
Теги:
68 мектеп,
Комментариев нет
Просмотров: 671