Меню KDT

"Толағай" көңілді старт жарысы

Мектебімізде күзгі демалыс уақытында, яғни 4-қарашада 2-сыныптар арасында «Толағай» көңілді старт жарысы өткізілді.


Мектебімізде күзгі демалыс уақытында, яғни 4-қарашада 2-сыныптар арасында «Толағай» көңілді старт жарысы өткізілді.  Оған 2 «Б», 2 «Г», 2 «Е» сыныптарының «Тұлпар», «Сұңқар» және «Спортшылар» командалары қатысты. Командалар «Шегірткелер», «Секіртпе», «Кенгуру» , «Баскетбол», «Желаяқ» сияқты спорттық ойындардан сайысқа түсті. Әділ қазылардың шешімімен «Тұлпар» командасы І орын, «Спортшылар» командасы ІІ орын және «Сұңқар» командасы ІІІ орынды иеленді. Жарыстың салауатты өмір салтын насихаттауда маңызы зор болды.

            

                                           

Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі меңгерушісінің міндетін атқарушы: Абдильдина Г.

Теги:  68 орта мектеп,

Комментариев нет
Просмотров: 726
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.11.2015 в 09:00