Меню KDT

Жаратылыстану ғажайыптары

Мектебімізде 19-24 қазан аралығында жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы өтті.


Мектебімізде 19-24 қазан аралығында жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы өтті. «Жаратылыстану ғажайыптары» деген тақырыптағы апталықтың басты мақсаты: оқушылардың жаратылыстану ғылымына қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу. Табиғатты аялап, қорғай білуге тәрбиелеу. Апталық аясында «Халық көші-қоны», «Тамыр түр өзгерістері. Тамыр жүйесі», «Ми. Ми бөлімдері» деген тақырыптарда ашық сабақтар өткізілді. «Алаш жолы – ұрпақ жолы» деген тәрбиелік іс-шара, «Химия әлеміне саяхат» деген топтық сайыс ұйымдастырылды. Апта бойы «Қандай көркем, туған өлкем?!» атты сурет көрмесі оқушылардың көзайымына айналды.

           

                                 

Жаратылыстану пәндері бірлестігі
 

Теги:  Апталық,

Комментариев нет
Просмотров: 864
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.10.2015 в 09:00