Меню KDT

«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында салтанатты тізіліс өтті

Мектебімізде білім күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына салтанатты тізіліс өтті. Оқушыларды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы Ысқақов Тлеубек Ысқақұлы мен мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы жаңа оқу жылымен құттықтап, сәт-сапар тіледі.


Салтанатты жиыннан кейін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына, Қазақ хандығы құрылғанының 550 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған Бірыңғай Білім сабақтары өткізілді. Салтанатты жиын әсіресе 1 сынып оқушылары үшін есте қаларлық оқиға болды.

                                                                                Қазбек Сағидолда, ұйымдастырушы педагог

    

    

  





Комментариев нет
Просмотров: 434
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 03.09.2015 в 13:32