Меню KDT

Биікке тек білімділер шығады!

Мұстафина Риана , Астана қаласы № 59 мектеп-лицейінің  түлегі.  Астана қаласы бойынша  Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең үздік 125 ұпай  жинады.


Мұстафина Риана , Астана қаласы № 59 мектеп-лицейінің  түлегі.  Астана қаласы бойынша  Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең үздік 125 ұпай  жинады. Рианаға жеңіс әкелген-оның   талмас талабы мен  ұстаздарының  баға жетпес еңбектері.  Астана қаласының  мақтанышы  болған Риананы дайындаған ұстаздары: МолдабековаЖ.Б., КемелбаеваР.У., Шнанов О.Р., РаеваС.Г., Барменова А.З..

 -Бұл жеңіс- бір жылдың жемісі емес,   жылдар  бойы  білемін деп талпынған  шәкірт пен  білім арнасын кеңейтуден  шаршамаған ұстаздарымның жемісі,- деп біледі Риана.  

Риананың ұстаз туралы ойы:

Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,  Ұлылықты ұлықтаған имандар.  Ұрпағының ертеңіне жол ашып,  Өмірінің әр шақтарын қиғандар.

Риана болашақта дәрігер мамандығын таңдайды. Оның өмірлік ұстанымы: «Дұрыс әрекет ету- дұрыс мақсат қоюдан басталады!»

 

 

   


Комментариев нет
Просмотров: 292
Автор: 59mektep
Сайт: www.59.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.06.2015 в 01:20