Меню KDT

Отбасым - киелі шаңырағым

15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай мектебімізде  «Отбасы- киелі шаңырағым» тақырыбында сайыс болып өтті.  Сайысқа 5-6 сынып  оқушыларымен ата-аналары қатысты.


Отбасы- әр адамның сүйеніші, алтын діңгегі. Өйткені ол ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. 
15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай мектебімізде  «Отбасы- киелі шаңырағым» тақырыбында сайыс болып өтті.  Сайысқа 5-6 сынып  оқушыларымен ата-аналары қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды:

  1. Таныстыру
  2. «Өнер-өмір өрнегі»  ( өнер көрсету)
  3. «Бақытты отбасы» жобасын жасау, қорғау
  4. Балаларға арналады ( жұмбақ жасыру)

Нәтижесінде І орынды 6 «Ә»сыныбынан Утубаевтар отбасы , ІІ орынды 5 «В» сыныбынан Кабиденовтар отбасымен 6 «Г» сыныбынын Сарсеновтар отбасы иеленсе, ІІІ орында 6 «А» сыныбынан Көмекбаевтар отбасымен 6 «В» сыныбынын Мусабаевтар отбасы. Бұл сайыс мектептің дәстүрлі іс- шарасы болмақ.

                                                                                                                        З. Қажгереева, аға тәлімгер

  

  

  

  


Комментариев нет
Просмотров: 535
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 22.05.2015 в 00:00