Меню KDT

Қалалық «Сүйкімді Ару 2015» байқауының жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Астана қаласы 2015 жылдың 5 наурызында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қалалық «Сүйкімді Ару 2015» дәстүрлі қыздар байқауы өз мәресіне жетті.


Астана қаласы 2015 жылдың 5 наурызында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қалалық «Сүйкімді Ару 2015» дәстүрлі қыздар байқауы өз мәресіне жетті. 27 ақпанда №38 мектеп-лицейінен іріктеуге қатысқан 7-12 жас аралығы бойынша 4 «А» сынып оқушысы Тұрған Әйкерім жетекшісі Асанова Ләззат Сұлтанқызы байқау қорытындысы бойынша «Дарынды Ару» номинациясымен марапатталды, ал  14-16 жас аралығында іріктеу сынынан мүдірмей өткен 7 «А» сынып оқушысы Темірғалиева Лаура жетекшісі Бабашова Динара Мейрамбекқызы, әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді. Қаланың 80 мектептер арасынан іріктеліп шыққан өзінің өнерімен, сұлулығымен тамсандырған ару қыздарымызға алдағы үлкен өмір жолында бұдан үлкен биік-белестерді бағындыруына шын жүректен тілектес екендігімізді білдіре отырып,  8 наурыз-Халықаралық әйелдер  мерекесімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Комментариев нет
Просмотров: 514
Автор: 38mektep
Сайт: www.38.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.03.2015 в 00:00