Меню KDT

«Үздік сынып» жалауша сайысы

16 ақпан күні өткізілген сап түзеуде ең алғашқы болып 3 «Ә» сыныбы   «Үздік сынып » жалаушасын жеңіп алды.


16 ақпан күні өткізілген сап түзеуде ең алғашқы болып 3 «Ә» сыныбы   «Үздік сынып » жалаушасын жеңіп алды.

 «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман » деп Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай бүгінгі күні білімнің сапасы маңызды рөл атқарады. Осы қағидаға сүйене отырып № 52 мектеп-гимназиясында «Үздік сынып» жалауша сайысы басталып кетті.

         Сайыстың мақсаты: Қазіргі заманға сай, білімді әрі ізденімпаз, жаңашыл, этикалық-эстетикалық талаптарға сай сыныптарды анықтау.

Сап түзеуде №52 мектеп-гимназиясының директоры Улбосын Бекмырзақызы 3 «Ә» сыныбын марапаттап, «Үздік сынып» жалаушасын табыстады.

Біздің сыныбымызды мадақтап, еңбегімізді бағалаған мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. Қазақстанның болашағын көркейтетін келешек ұрпақты тәрбиелеу жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!!!

Сынып жетекшісі:     Калмурзина Гулзат Кажымухановна


Комментариев нет
Просмотров: 567
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.02.2015 в 14:00