Меню KDT

«Не?, Қайда?, Қашан?» тақырыбында интеллектуалды танымдық ойыны өтті.

28 – ші ақпан күні сағат 13 00 –де 5 «Г», 5 «Ғ», 6 «Г», 7 «Ә», 7 «В» сыныптар аралығында мектепішілік биология – география пәндерінен «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған «Не?, Қайда?, Қашан?»  тақырыбында топтардың интеллектуалды танымдық ойыны жарыс түрінде өтті.  


28 – ші ақпан күні сағат 13 00 –де 5 «Г», 5 «Ғ», 6 «Г», 7 «Ә», 7 «В» сыныптар аралығында мектепішілік биология – география пәндерінен «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған «Не?, Қайда?, Қашан?»  тақырыбында топтардың интеллектуалды танымдық ойыны жарыс түрінде өтті.  

Мақсаты:

  • Оқушылардың білімдерін жан-жақты ақпараттандырып, жинақтап, тереңдету;
  • Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру;
  • Топпен жұмыс істей отырып, ортамен қарым - қатынас жасауға, өзгенің пікірін құрметтеп, ұйымшылдыққа баулу;
  • Ана тілін сүйіп, қастерлеуге және сөздік қорын молайту.

 Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма? - дегендей, интеллектуалды танымдық ойыны «Сұңқар», «Лашын», «Зерттеушілер», «Саяхатшылар» және «Қыран құс» атты топтарға бөлініп, әр топ өздерінің білімдерінің тереңдігі,ойларының ұшқырлығы мен шапшаңдығымен көзге түсіп, номинация мен орындар берілді.  
Топтар:
1. І орын «Сұңқар»
2. ІІ орын «Лашын»
3. ІІ орын «Саяхатшылар»
4. ІІІ орын «Зерттеушілер»
5. ІІІ орын «Қыран құс»

Номинациялар:

  1. «Г» сынып оқушысы, Мекебай Дінмұхамед - «Зерделі оқушы»;
  2. «Ғ» сынып оқушысы, Айтжанұлы Абылай -  «Жас дарын»;
  3. «Ғ» сынып оқушысы, Көбелбаев Аңсар - «Зерек» оқушы;
  4. «Г» сынып оқушысы, Акимова Карина - «Жас биолог»;
  5. «В» сынып оқушысы, Тұрғанов Еркебұлан - «Жас дарын»;
  6. «Ә» сынып оқушысы, Тұрлыбеков Рахымжан - «Интеллект оқушы».

 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 778
Автор: 38mektep
Сайт: www.38.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.02.2015 в 00:00