Меню KDT

Математика пәнінен «Зерде» ауызша олимпиадасы


       «Астана дарыны» ӨҒПО  және  Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі оқушылардың жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтап, олимпиада резервін құру мақсатында №9 «Зерде» дарынды балалар мектебі базасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 қазақ сыныбы оқушылары арасында 2015 жылғы 27-28 наурыз аралығында математика пәнінен қалалық ауызша «Зерде» олимпиадасы өтетінін хабарлайды. Олимпиадаға әр параллельден 2 оқушыдан қатыса алады.

           Олимпиада екі кезеңнен тұрады, әр кезең әр күні, яғни 2 күн өткізіледі:

           I кезең - жазбаша түрде (1-күн);

           II кезең – ауызша түрде (2- күн). Ереже қосымшада.

Олимпиада жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне түсуде басымдылық құқыққа ие болады.

           Олимпиадаға қатысу үшін тапсырыстар 20 наурызға дейін ақпараттық хат негізінде e-mail: zerde07@mail.ru электрондық мекенжайға жіберіледі.


Комментариев нет
Просмотров: 483
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.02.2015 в 00:00