Меню KDT

"Әжелер ақылын тыңдаймыз, Болашаққа жол бастаймыз!" тақырыбында ток-шоу өтті

"Айтуға оңай" бағдарламасы жобасында "Қызғалдақ" қыздар клубының ұйымдастыруымен  "Әжелер ақылын тыңдаймыз, Болашаққа жол бастаймыз!" тақырыбында ток-шоу өткізілді.


Мектебімізде өткен "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндігі оқушыларды адамгершілік - рухани даму мен адами құндылықтар әлеміне тартып, шығармашылыққа баулыды. "Айтуға оңай" бағдарламасы жобасында "Қызғалдақ" қыздар клубы ұйымдастырған "Әжелер ақылын тыңдаймыз, Болашаққа жол бастаймыз!" тақырыбында өткен ток-шоуға шақырылған ардақты аналар мен ұстаздар, мектеп бітіруші - түлектер "ХХІ ғасырдағы қазақ қызының бейнесі қандай болуы керек?" деген сұраққа терең бойлап, өз ойлары мен пікірлерін білдірді. Тәрбиелік мәні жоғары ток-шоу қызықты өтті.

 



 


Комментариев нет
Просмотров: 520
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.02.2015 в 00:00