Меню KDT

Бұрымды қыз – 2014

    25.09.14 күні Мектептің жылдағы дәстүріне сай №59 мектеп-лицейінде қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық сияқты жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету мақсатында  «Бұрымды қыз–2014» байқауы өткізілді.

« Бұрымды қыз – 2014 »

   Сайыс барысында қыздар таныстыру, «Сұлу шаш» (5 фото, қатысушының шаш үлгісі әр түрлі ), «Шаш өру де бір өнер»  – шашты көркемдеп , әсем өру сайысы, «Өнерлі қыз» (өз өнерін көрсету ән айту, би билеу т.б.), ұзын шаштың формуласы (шаш күтіміне арналған сусабындарын жарнамалау, пайдалы кеңес)  кезеңдері бойынша өз өнерлерін көрсетті. 5 сыныптар  аралығында өткізілген сайысқа 7 оқушы қыз бала қатысты.

   Сайыс нәтижесінде 5 «Б» сыныбынан Төлеуғалиева Жансая гран – при, 5 «В»сыныбынан Нұрдаулет Аяулым 1 орынды, 5 «Е»сыныбынан Ибраимова Дильназ 2 орынды, 5 «Ә»сыныбын Төлеубек Аяжан 3 орынды иемденді. Қалған оқушы қыздар «Өнерлі қыз», «Көрермен көзайымы», «Инабатты ару» номинацияларымен марапатталды. Жеңімпаздар алғыс хаттармен,сыйлықтармен марапатталды.

Комментариев нет
Просмотров: 489
Автор: 59mektep
Сайт: www.59.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.09.2014 в 00:00