#Қауіпсіз_мектеп Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында КТІ жөніндегі полиция учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Б.К.Найманбаев 1-10 сынып оқушыларына келесі тақырыптарда профилактикалық дәріс өткізді. 1.Соңғы қоңырау өткізу кезіндегі кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі; 2.Алкагольді ішімдіктерді, шылым шегетін қоспалар, психотроптық заттар және темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу; 3.Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі; 4.Жол қозғалысы ережелерін сақтау; 5.Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі.
23.05.2024
Жасөспірімдерге өздерінің күшті және әлсіз жақтарын білуге және оларды өмірлерінде тиімді пайдалануды үйренуге, жанжалдарды шеше отырып, басқалармен қарым - қатынас орнатуға көмектесу үшін педагог-психолог тренинг элементтерін қосып, сабақ өткізді. Ұқсастықтарды іздеу жаттығуы, "Молекулалар", "Менің көршім"ойыны өткізілді. Сондай-ақ, балалар басқалармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бір-бірінің жеке шекаралары мен ішкі қақтығыстар туралы білді. Сабақ "Отшашу" жаттығуымен аяқталды.
23.05.2024
“Петровка орта мектебі” КММ оқушылары республикалық “Тарих Ата” олимпиадасының жыл сайынғы қатысушылары осы жылы да жақсы нәтиже көрсетті. 7 сынып оқушылары Сарсембаева Диана, Кудебаева Мира 3 орын, Печерский Егор, Тналина Алия, Лузина Диана, Лузина Мария, Лузина Дарья сертификаттармен марапатталды. Оқушыларымыздың алдағы уақытта керемет нәтиже көрсете беруіне тілектеспіз!
22.05.2024
“Петровка орта мектебі” КММ 9 сынып оқушысы Алимов Мансұр Бауржанұлы Республикалық ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының облыстық кезеңінің 3 орын жеңімпазы, республикалық кезеңнің қатысушысы аудан әкімі Әлжанов Берік Ақылжановичтің аудандық дарынды балаларды марапаттау іс-шарасына қатысып, сыйлықтармен марапатталды. Мансұрға болашақта биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Жарайсың Мансұр!
22.05.2024
Найдено новостей: 72224. Показано с 15761 по 15776