12 сәуір ғарышкерлер күнімен орай, Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. Оқушыларға 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың ғылым саласындағы еңбегі мен шығармалық жолынан терең мағлұматтар берілді.
07.04.2025
Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Оңайша Қыдырбақыт ”Алтын түлек” математикалық олимпиадасының мектепішілік, қалалық, облыстық кезеңінен 100/100 ұпай жинап топ жарып, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ кезеңінен жүлделі I орын иеленді. Сонымен қатар Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ішкі грантын иеленді.
07.04.2025
Жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау, ынталандыру қоғамға, елге пайдалы жас мамандардың еңбегін дәріптеу шығармашылық пен жаңашылдықты қолдау, әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру мақсатында ұйымдастырылған “Жарқын елдің шамшырағы-жас маман” байқауының мектепішілік кезеңі болып өтті.
07.04.2025
2025 жылғы 3 сәуірде Астанада педагогтердің оқу сауаттылығы мен логикалық ойлау қабілетін дамыту, күрделі тапсырмаларды шешудің тиімді әдістерін үйрету мақсатында Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәні мұғалімдеріне арналған «Оқу & математика сауаттылығы: табысты синергия» республикалық сайысы өтті.
07.04.2025
Найдено новостей: 72019. Показано с 6401 по 6416