2025 жылғы 12 қыркүйекте «Пески орта мектебі» КММ-де мектептің педагог-психологы Калиткина О.С. ата-аналармен «Мықты отбасы — мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында әңгіме өткізді. Кездесу барысында ата-аналарға отбасылық құндылықтарды нығайту, балалармен сенімді қарым-қатынас орнату, отбасында қолайлы ахуал қалыптастыру жөнінде ұсыныстар берілді. Отбасы – баланың тұлға болып қалыптасуының негізі әрі берік те табысты қоғамның іргетасы екені ерекше атап өтілді.
12.09.2025
10, 11 қыркүйек күндері 1-11 сынып параллельдерінде алғашқы ата-аналар жиналысы өткізілді. Онда мынадай мәселелер қарастырылды: мектеп пен ата-аналар комитеттерінің бірлескен жұмысының басым бағыттары, сыныптың ата-аналар комитеті активін сайлау, бірыңғай «Адал Азамат» бағдарламасы, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің «ДОСБОЛLIKE» жобасы; оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру; оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту 📚📔🖋 Ата-аналар талқылауға белсене қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын енгізді 📖📈📚
12.09.2025
Найдено новостей: 71958. Показано с 4449 по 4464